Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеден одағына мүше мемлекеттер басшылары Украина президентімен кездесуге дайын

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2014
  • 1211

Кеден одағына мүше мемлекеттер басшылары Украина президентімен кездесуге дайын. Кездесу осы айда өтуі мүмкін. "Бұл деректі бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин растады",  - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Телефон арқылы тілдескен Қазақстан және Ресей Федерациясы басшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары және көрші елдің жауапты әрекеттері туралы сөйлескен.

"Екі ел лидерлері Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай бойынша да пікір алмасты. Және Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұсынысы бойынша, тамыздың үшінші онкүндігінде Кеден одағына мүше елдер басшылары Украина билігімен кездесуі ықтимал  екендігі құпталды", - делінген ресми хабарламада. 

Тоғжан АМАНАЛИЕВА