Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы Еуропаға кететін мұнай бағасын төмендетті

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2016
  • 1629

Ал Сауд Арабиясы Еуропаға жіберетін мұнайдың бағасына деген жеңілдіктерін ұлғайтты. Жеңіл мұнай Солтүстік Батыс Еуропа елдері үшін барреліне 60 центке, ал Жерорта теңізі аймағы үшін 20 центке арзандады. Бұл туралы Wall Street Journal жазады. Мақалада арабтардың бұл қадамы әлемдік нарықты бағындырғысы келіп отырған Иранға кедергі келтіреді делінген. Өйткені Сауд Арабиясы Иранмен арадағы дипломатиялық жағдайдан кейін мұнай бағасын төмендетіп отыр.

Еске салайық, екі ел арасы арабтар шейіт уағызшысы мен 47 адамды лаңкес деп танып өлім жазасына кескеннен кейін ушығып кетті. Халқының басым бөлігін шейіттер құрайтын ирандықтар көтеріліп, Сауд Арабиясының елшілігін талқандаған еді. Сөйтіп, дипломатиялық қарым-қатынас үзілген болатын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ