Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мемлекеттік сараптама» кәсіпорны қазына қаражатын мерекелік корпоративтерге жұмсаған

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2014
  • 1111

Мемлекеттік қазынаның «қан-талапайы». Еліміздің Есеп комитеті жақында Елбасы бұйрығымен таратылған Өңірлік даму министрлігін тексеру барысында ведомствоға қарасты «Мемлекеттік сараптама» кәсіпорны қазына қаражатын мерекелік корпоративтер мен ішіп-жемге жұмсағанын анықтады.

Ал «2012-2020 жылдары өңірлер мен моноқалаларды дамыту бағдарламасын» жүзеге асыруда 13 миллиард теңге заңсыз ұқсатылып, 5 миллиард 600 миллион теңге қазына қаражаты мақсатсыз жұмсалыпты. Осылайша, Есеп комитетінің есебі бойынша, министрлік орындауы тиіс 18 тапсырманың тек 6-уын ғана жүзеге асырған.

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР есеп комитетінің төрағасы:

Осуществляется закуп товаров, не предусмотренных планом развития на общую сумму 17 млн тенге, приобретения и ремонта машин, приобретение продуктов питания, сувениров, организация корпоративных вечеров, приобретение вино-водочных напитков, проведение спартакиады. Вообще с этим надо наводить порядок, госэкспертиза - это такая структура, которая работает с населением.

2020 жылға дейін арналған моноқалалардың стратегиялық дамуына бөлінген 38 миллиард теңгеден астам ақшаның тек 47 пайызы, яғни 18 миллиардқа жуығы ғана игерілген. Бағдарламаның іске асырылуына тікелей құзыретті министрлік пен жергілікті атқару органдарының арасында қажетті байланыс орнамаған. 27 моноқаланың төртеуінде жергілікті халықтың табысы республика бойынша орташа күн көріс деңгейінен төмен, 14 қалашықта өнеркәсіп табысы азайған. Алайда министрлік үкімет алдында атқарылған жұмыстар есебін үзбей беріп келген көрінеді. 

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР есеп комитетінің төрағасы:

Кто ответит из работников бывшего министерства за скажем так, мягко скажем, введение в заблуждение правительство. По моим данным, согласно отчету министерства, по итогам 13-го года исполнено 47 мероприятия, в том числе 30 ежегодно продолжающихся мероприятий. А по нашим данным 11 мероприятий не исполнено, так, Александр Васильевич? Как можно министерству вводить в заблуждение правительство? Не понимаю вообще. - Қозы-Көрпеш Есилович, я сейчас не готов ответить.

Министрліктің бюджет игеруін тексерістен өткізген комитет маманы республикалық деңгейде өңір өміріне жауапты болған ведомство басшыларының жазаға тартылуына күдікпен қарайды. Қатық жеген құтылып, қазан жалаған тағы тұтылды. Жергілікті атқару органдарының басшылары мен қатардағы қызметкерлер тағы жұмыстан босатылды, тәртіп бойынша қылмыстық іс те сотқа жолданды.

Еске салайық, жаңа Ұлттық экономика министрлігіне қосылған ескі Өңірлік даму министрлігінің басшысы Болат Жәмішев өткен аптада мемлекет басшысының тағайындауымен Қазақстан даму банкін басқарды.

Александр Горяинов, ҚР Есеп комитетінің мүшесі:

Өңірлік даму министрлігінің таратылғанын білесіздер. Сондықтан жаза тек жаңа Ұлттық экономика министрлігінде қалып қызмет ететіндерге қатысты қолданылады. Ал қызметін ауыстырған немесе жұмыстан шығып кеткендер, әрине, еш жаза тартпайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ