Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда сайлау күні 532 тәуелсіз байқаушы жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2016
  • 1603

Алматыда сайлау күні 532 тәуелсіз байқаушы жұмыс істейтін болады. Бүгін қоғам белсенділері үшін арнайы семинар-тренинг өтіп, сайлау күні атқаратын міндеттері түсіндірілді. Оларға қойылатын басты талап  - «Сайлау туралы» заңды жақсы білу және сайлау процесінде заңның бұзылмауын қадағалау. Міндет - қателіктерді анықтау емес, оны болдырмауға күш салу екені ескертілді. Сайлау күні Алматыда 532 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Тәуелсіз байқаушылар таңғы сағат 7-ден кешкі дауыс санау процесі аяқталғанға дейін саяси доданың шынайы өтуіне атсалысатын болады. 

Өмірәлі Қопабаев, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары: 

Олар ешкімге барып нұсқау бере алмайды. Бірақ өздері сол бақылап, қалай өтіп жатыр екен сайлау, мысалы, кейбір келеңсіздіктер болады ғой, біреудің орнына біреу дауыс беріп жатады, кейде басқа да жағдай болады. Солардың барлығын сол жерде отырып, басқа да халықаралық бақылаушылар болады, солармен де байланысып, сонан кейін партия өкілдері болады, солармен қарым-қатынаста өткізу керек.

Айгүл ЕРМАХАН