Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасқыннан зардап шеккен Көкпектінің тұрғындары жаңа баспанаға мерзімінен бұрын қол жеткізеді

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2014
  • 1138

Тасқын судан зардап шеккен Көкпекті ауылының тұрғындары жаңа баспанаға мерзімінен бұрын қол жеткізеді. Бұл туралы құрылыс алаңын аралаған облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді. Күні ертең бірден 5 отбасы жаңа қонысқа аттайды. Ал 44 үйді мердігерлер кезең-кезеңімен 1 қыркүйекке дейін тапсырады. Зардап шеккен елді мекенде құрылыс жұмыстыры төрт ай бойында жалғасып жатыр, құрылысқа облыс бюджетінен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жұмысты тұрғындардың өздері де жіті бақылап жүр. 

Құрмантай Қыздарбеков, Көкпекті кентінің тұрғыны:

Үкіметке ризамыз енді осы үй салып беріп жатқандарына. Енді осы қыркүйекке, тамыздың 25-іне дейін бітіріп береміз деп отыр. Бәрі істеліп жатыр. Материалдар әкеліп жатыр. Жамандап не айта береміз. Бәрі жақсы міне.

Алайда, көңілдері толмайтын тұрғындар да бар. Көкпектіліктердің кейбіріне түбегейлі жөндеуге немесе жиһаз, тұрмыстық техника алуға ақша жетпей қалған. Қаржы әр шаршы метрге 50 доллардан деген есеппен бөлінген. Құрылыс материалдарының бағасы құбылмалы болғандықтан, ауыл тұрғындары өз қалталарынан да ақша шығарған. Сол себепті үстеме төлемді талап етіп отыр. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың шығынды өтетуге мүмкіндіктері бар. Бірақ апатқа кінәлі тұлғалардан ғана өтеуді талап ете алады. Десе де, апатқа жол бергендерге қатысты қылмыстық істі тергеу әлі аяқталған жоқ.

Бахадүр Құлымбетов, Көкпекті кентінің тұрғыны:

Маған үйге 600 мың ақша берген. Сол ақша жетпеді. Полға, шпаклевкаға үйдің. Мынаның бәрі қарайып жатты. Сыртқа ғана жетті. Фундамент жанын құйып шықтым болды. Басқа ешқандай ақша болмады.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Біз қосымша ақша бөле бастасақ, сосын прокуратураға шақыртса, не деп барамыз? Бұл қылмысқа жатады. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Егер кімде кім аз ақша алып қалдым деп ойласа, сотқа шағымдансын.

Еске салайық, Көкпектідегі тасқын 31 наурызда болды. Қызыл су қойманы кернеп, оған шыдамаған дамба жарылып кетті. 300-дей ауланы су басты. 5 адам қаза тапты. 49 үйді қайта салуға туралы келді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА