Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадаға Ұлттық мұражайда Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының III слеті өтуде

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2014
  • 817

Астанадаға Ұлттық мұражайда «Нұр Отан» партиясы мен «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастырумен Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының үшінші слеті өтуде. Онда әлемнің 17 елінен келген ұйымдар тәжірибе алмасып жатыр. Әр команданың өз идеясы бар. Тіпті кейбірінің тың идеялары 10-нан асады.

Тимур Малғаждаров өз командасымен, 3-4- курс студенттерімен және магистранттармен бірігіп, бір базаға 100-ге жуық жобаны жинаған. Жастар өз зерттеулерін ғылыми жетекшілерімен бірге Қазақстанда жүргізіп көреді.

Тимур Малғаждаров, «Болашақ» қауымдастығының мүшесі:

Басты салалар, ол - энергияның жаңартылмалы көздері, ақылды қала құрылысы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар. Базаға 112-ге жуық жобаны жинап, олардың іске асуына ғалымдар көмектесуі үшін, қазақстандық әріптес-ЖОО-на жібердік.

Қазақстандық студенттердің шетелде оқи алу мүмкіндігінің болуы, бұл тәуелсіздіктік жемісі. Мұны міндетті түрде бағалай білуіміз керек. alemzhastary.kz тұғырнамасын құра отырып, шетелде жүрген студенттер Қазақстан игілігіне жарайтын ең үздік жоспарларын бірігіп жүзеге асыра алады. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы мақсаттар мен тапсырмалардың іске асуы жолында бірігу - басты мұрат.

Слетте сөз сөйлеген Бауыржан Байбек елімізде жастардың өз бетімен дамуына барлық мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті. Оған қоса, жастар саясатымен емес, олардың нақты проблемаларымен айналысудың маңыздылығын атады.

Жастар ұйымдарының өкілдері болса, анонимді сауалнама кезінде қазақстандық ЖОО-да студенттерден жұмысқа тұру туралы жалған анықтамалар талап ететіндігі анықталғанын айтты. Бұл - ЖОО-ның рейтингін көтеру үшін жасалынады екен. Сондай-ақ, студенттер қазақстандық білім тек диплом алуға бағытталған. Ал батыстағы университеттерде басқаша. Оларда білім ғана бағаланады деді. Енді "Жас Отан" ЖОО-ның тәуелсіз рейтингін жариялап отырады. 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің Елбасы осы саясатты жүргізіп, ең басты бірінші күннен бастап тәуелсіздік, бейбітшілік, тұрақтылық, компромисс деп жатыр.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА