Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак премьер-министрі Нури Аль-Малики қызметінен кетуге келісті

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2014
  • 1226

Ирак премьер-министрі Нури Аль-Малики қызметінен кетіп, орнын парламент вице-спикері Хайдар Аль-Абадиге қалдыруға келісті. Бұл туралы жергілікі бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ирак президенті Фуад Масум Аль-Абадиге жаңа үкімет құру туралы тапсырма берген. Ал Нури Аль-Малики президенттің бұл шешімі заңға қайшы деп, наразылық танытқан-ды. Соған қарамастан, бүгінде Ирак үкіметі қайта құрылды. Аль-Абадидің премьер болып тағайындалуын АҚШ, Еуропалық одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Араб мемлекеттері лигасы, Иран, Сауд Арабиясы және Түркия қолдады.

Жұрағат БАМАН