Астанадағы Ұлттық мұражайда Ұлы Жібек жолының дәстүрлі
текстиль өнімдері көрмесі жұмысын аяқтауға жақын. Көрмеде Ресей этнография
музейінде жинақталған 400-ге жуық экспонат қойылды. Олардың үшеуі 19-20
ғасырлардағы қазақ іскерлерінің қолынан шыққан дүниелер. Бірнеше ғасырдан бері
жинақталған ғажап дүниелер Санкт-Петербордағы мұражайдан алынған. Олардың
қатарында Романовтардың үйіндегі жеке жиынтықтан алынған заттар да бар.
Көрмеге
қазақ ақсүйектері арасында жоғары бағаланған, жіңішке күдеріден тігілген шапан
мен ыдыс-аяқ, кілем, жиһаздардың сирек кездесетін түрлері қойылды. Ұлттық
нақыштағы тұскиіздер мен текеметтер де осында.
Мұндай келушілер қазақ қолөнершілерімен қатар, тәжік, өзбек, түрікмен
және әзірбайжан шеберлерінің де жұмысын қызықтайды.
19 ғасырдағы қолөнершілер
өз жұмыстарының аса құнды дүние болып қаларын білмеді. Олар қолмен жасаған
заттарын, киімдерін базарларға шығарып сатты. Тарихи ескерткішке айналған бұл
заттар бүгінде қолөнер шеберлерінің
көзі ғана емес, Ұлы Жібек жолындағы
ұлттар байланысын паш етеді.
Бәтеш
Ақпасова, ҚР Ұлттық мұражайы уақытша
сақталатын экспонаттар есебі секторының жетекшісі:
Мұндағы
ең көне экспонаттар, ол - Әзірбайжан ұлтының мәдениеті мен тіршілігінен сыр
шертетін заттар. Олардың арасында сол кездегі тұрмысты аңғартатын 18 ғасырдың
аяғы мен 19 ғасырдың басына жататын өте үлкен ыдыстар бар.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА