Астанада қоғамдық көліктің жаңа
тарифі жаздың соңғы күнінен "күшіне енеді". 31 тамыздан автобустарда жол ақы 90 теңге
болады. Ал айлық және жарты айлық жүру билеттері ескіше жарамды күйде
қала бермек. Сонымен қатар түрлі әлеуметтік топтарға қарастырылған жеңілдіктер
өзгеріссіз сақталады - деп Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Еске салайық,
осыдан бірнеше күн бұрын мәслихат депутаттары жол жүру тарифін көтеру туралы
шешім шығарды. Автобус парктері табыстар шығындардың орнын толтырмайтынын
айтып, жол ақыны қымбаттатуды өтінген. Осыдан кейін арнайы жұмыс тобы құрылып,
тариф қайта есептелді.
Нәтижесінде, сыйымдылығы үлкен автобустарда жүру
ақысын - 106 теңге, ал шағын автобустарда
- 114 теңге көлемінде белгілеу ұсынылған. Алайда комиссиясы ұсынысты
қарастырып, соңында ересектер үшін - 90
, ал балаларға - 40 теңге көлемінде баға белгіледі.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ