Үкіметтің жұмысы біраз
жеңілдейтін болды. Енді бірқатар проблемалар Үкімет үйіне жетпей
министрліктерде шешіледі. Екі жарым мың қызметтің мың алты жүзі орталық органға
беріледі. Бүгін мәжілісте Мемлекеттік
қызметті реформалау туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл
жаңалық мемлекеттік органдарға деген
сенімнің артуына түрті болуы тиіс дейді депутаттар. Алайда мәжілісмендер Үкімет
жұмысын оңтайландыру кезінде кереғар шешімдер де қабылданып кеткенін тілге тиек
етті. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
Жергілікті әкімдердің
қолына «майлы жіліктің басы» тиетін
болды. Министрліктер құзырында болған бақандай 261 функция енді облысқа өтеді.
Оның ішінде құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жер үлестіру секілді жемқорлық
қауіпі басым салалар бар. Депутаттарды әкімдердің «әлсіздікке» бой алдырмауын
қадағалау қалай іске асатыны қызықтырған. Досаевтың жауабы дайын. Әр
министрлікте жергілікті билікті бақылайтын арнайы басқармалар құрылмақ. Олар
жаңа тапсырылған құзіретті асыра пайдаланған аймақтардағы шенеуніктердің ісін
май шаммен қарайды. Және алдағы уақытта заңмен тексеру, рұқсат беру құзіреттері
қысқартылмақ.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Мы внесем изменения в закон в
сентябре о кардинальных изменениях бизнес климата. Внутри него предусмотрено
норма. Все эти службы будут лишены полномочия по различным видам проверок и т.д.
Бір айта кетерлігі соңғы 20
жылда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 10 рет өзгеріп, қайта құрылымдалған.
Биыл Энергетика министрлігіне қосылды. Ал ауаны ластайтын да осы ведомствоға
қарасты кәсіпорындар. Бұл "қойды
қасқырға бақтырғанның" кері дейді депуттатар. Тіпті кейбірі қоршаған
ортаның тазалығын бақылау құзіретін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді
ұсынды.
Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты, ҚКХП фракциясының
мүшесі:
Дүние жүзінде олай емес, дамыған елдерде басқа
органдар бақылайды. Ұлттық қауіпсіздік комитеттері бақылайды.
Десе де аталған заң жобасы
бірінші оқылымда мақұлданды. Сондай-ақ, депутатар төртінші сессияда атқарылатын
іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда каникул мерзімін қысқарту қаралған.
Демалыстан жуырда ғана келсе де, кейбір халық қалаулыларының құлшынысы байқалмайды. Мәселен, Мұхтар Тінікеевтің әлі де жұмысқа кірісіп кете
алмай жатқаны көзге ұрып тұр.
Ал әлеуметтік желіде депутаттарды қымбат костюм
киіп, қамсыз өмір сүреді деп жазған көкшетаулық блогер Алмаз Ержанның сөзіне
шамданып, арбаға таңылған азаматты «жекпе-жекке» шақырған Тәңірберген Бердоңғаров өз әрекетін
жуып-шайғысы келгендей. Аяқ-асты мүгедектер мәселесін көтеріп Үкіметке сауал
жолдады. Ол "ғимараттардың 80
пайызы пандуссыз,17 млн халықтың 620
мыңы мүгедек. Олардың 400 мыңдайы жұмысқа қабілетті. Осы ретте мүгедектерді
еңбекпен қамту жолдары қалай іске асып жатыр,"- деп атқарушы биліктен есеп
сұрады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ