Павлодарда
әлеуметтік нан бағасы қымбаттады. Бүгін дүкендерде аталған нан 60, тіпті кей
жерде 62 теңгеден сатылып жатыр. Саудагерлер наубайханада 47 теңгеден босатылып
келген ас атасы, бүгіннен бастап 54 теңгеден жіберілгенін айтады. Алайда жергілікті әкімдік жыл соңына дейін азық-түлік қымбаттамайды деп
сендірді.
Бүгін ғана журналистермен кездескен облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы: "Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті. Сүт, өсімдік майы, ет
сияқты бірінші қажеттіліктер құны бірқалыпты болады",- деп мәлімдеді. Жанат
Шұғаевтің ерекше тоқтаған мәселесі нан бағасына қатысты жағдай
болатын.
Жанат
Шұғаев, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Нан өндірісі - өте қымбат сала. Бірақ нанның сапасы жоғары. Сол себепті,
комбинат өнім бағасын көтеру мәселесін бірнеше мәрте көтерді. Бірақ бұл
ресейліктердің нанды сатып алып жатқандығына еш қатысы жоқ. Жыл соңына қарай
әлеуметтік нанның құны өсіп қалуы мүмкін.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ