Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы жеті ай ішінде көкөністің бағасы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2014
  • 1307

Ел аумағында соңғы 7 ай ішінде көкөністің бағасы күрт қымбаттап кетті. Әсіресе пияз құны бірнеше есеге шарықтаған. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

Дегенмен Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов бірді-екілі көкөністің құны төмендегенін де айтып, сабырға шақырғандай болды. Мәселен, қияр 60 пайызға, қызанақ 31, жұмыртқа 21, қарақұмық 4 және сиыр еті 1 пайызға арзандаған. Алайда қымбаттау 70 пайыздан асқанмен, 70 пайызға арзандаған көкөніс болмай шықты. 

Әлихан Смайылов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы:

Пияз 72 пайызға қымбаттады 7 ай ішінде сәбіз 65 пайызға, картоп 45, құмшеркер 22, қызылша 21 пайызға, ірімшік 14,5 пайызға, күріш 14, сүзбе 12 пайызға.

Сонымен қатар өткен жарты жыл ішінде автокөлік бағасы 13,5 пайызға, жуғыш синтетикалық заттар 8,5 және тұрмыстық техника 8 пайызға қымбаттады. Комитет төрағасының дерегінше, инфляция 4,9 пайыздық дәлізде. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ