Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі бейіттердің айналасы заңсыз қоқыс алаңына айналған

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2014
  • 2087

Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі бейіттердің айналасы заңсыз қоқыс алаңына айналған. Ауыл халқы топырағы қазылып алынған шұңқырларды қоқысқа толтырған.

Олардың айтуынша, 40 мыңға жуық тұрғыны бар кентте арнайы қоқыс алаңы жоқ. Сондықтан қоқысты осында әкелеп, төгуге мәжбүр. Соңғы он бес жылда жеке адамдар ғана емес, кенттегі 20-дан астам кәсіпорын да өндіріс қалдықтарын осында төгеді.

Дастан Айбосынов, Әйтеке Би кентінің тұрғыны:

Мұнда карьер қазған, полигон болмағандықтан, халық соған қоқыс төгеді. Оның үстіне мына балық зауыты қалдықтарын төккен, сол иістеніп кеткен. Соның арқасында осы айқай шыққаны.

Қуаныш Сансызбаев, Әйтеке Би кенті әкімінің орынбасары:

2013 жылы аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжат дайындалды. 22 миллион  800 мың теңгеге. Ал жерге қатысты кент әкімінің шешімі шықты. Енді облысқа қатысты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының оң қорытындысын алдық. Қазір енді экологиялық сараптамаға жолданып отыр.

Жергілікті билік арнайы қоқыс алаңына уақытша жер бөлінгенін айтты. Сол жерге қалдықтар жиналып, кейін далаға апарып өртелетінін жеткізді. Ал қорымдардың айналасын жергілікті кәсіпкерлер мен аудан мекемелерінің күшімен тазарту жұмыстары қолға алынды. Бұдан былай қоқыс қалдықтарын осында төгетіндермен прокуратура айналысатын болады. 

Ғалым Едігеев,  Қазалы ауданының прокуроры:

Осындай заңсыз қалдық, қоқыс тастағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 387-бабының санкциясына сәйкес, 20 айлық есептік мөлшерінде, яғни 27 мың тенге айыппұл қарастырылған.

Шарипа САҚТАПОВА