Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстанда алқаптарды суарудың жаңа жобасы іске қосылды

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2014
  • 1268

Шығыс Қазақстан облысында алқаптарды суарудың жаңа жобасы іске қосылды.

Су астынан үстіне келеді. Топырағы қатып қалмайды.

Мына егістік алқапта тамшылатып суарудың түрлі әдістері жүргізілген. Нәтиже де жаман емес. Қытай бұршағының 5 түрінен өнім алуда. 

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біз таңертеңнен кешке дейін мына аспаннан қашан жаңбыр жауады деп қарап отырмауымыз керек. Біз сол құнарлы жерді суару арқылы пайдалануымыз керек. Сол кезде дамыған мемлекеттер сияқты бидайдан кем дегенде 40-50 центнер, жүгеріден 70-80 центнерден өнім алуға болады.

Ауыл тұрғындары таңсық болса да, жаңа әдістерді меңгеруге дайын. Алайда шаруалар қаражат қолбайлау болады деп қауіптенеді. Өйткені тамшылап суару әдісін қолдану үшін 32 миллион теңге қажет. Оған қоса сметалық құжатты рәсімдеуге  қосымша 20 миллион теңге керек.

Шаруалардың базынасын тыңдаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің су комитеті мамандары қол ұшын созуға әзір екендерін жеткізді. Суармалы жерлерді зерттеп, иесіз қалған жерлерді анықтауға кірісті. Енді субсидия бөліп, инвесторлар тартпақ.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы:

Астанадан, Алматыдан біз мықты компанияларды шақырдық. Олар өздері инвестицияларын тартып, Германиядан 1 миллион инвестиция тартып, 17 мың гектар жердің құжатын дайындайын деп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА