Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық 400-дей десантшы "Бейбіт миссия" жаттығуларына қатысады

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2014
  • 1311

Қазақстан әскерилері Қытайдың солтүстігіне табан тіреді. Аспан асты елінде 24-29 тамыз аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің оқу-жаттығуы өтеді. Жаттығуға Қазақстанмен қоса, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан әскерилері де қатысады.

Жаттығулар лаңкестермен күреске бағытталады. Сценарий бойынша сарбаздар қарсыласын ашық алаңда алдымен бақылап, нақты соққылар жасайды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауқымды шараға Қазақстан қарулы күштерінің 400-ге жуық сарбазы қатысады, 5 ұшақ тартылады.

Айта катерлігі, қазір елімізде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер әскерилері арасында оқу-жаттығу жүріп жатыр. Ал қыркүйекте ел жауынгерлері Америка Құрама Штаттары және неміс әскерилерімен бірге Германияда «Дала қыраны» жаттығуына қатысады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ