Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Украинадағы дағдарысты талқылады

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2014
  • 1262

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Белоруссия басшысы Александр Лукашенко "Украинадағы дағдарысты" талқылады. "Телефон әңгімесі Беларусь тарапының өтінішімен өтті", - деп, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әңгіменің мән-жайы туралы дерек жоқ. Дегенмен, тараптардың 26 тамызда Минскте өтетін Кеден одағы, Украина және Еуропалық одақ елдері жетекшілерінің кездесуі туралы сөйлескені белгілі болды.

Кеше Еуропалық комиссия жетекшісі Жозе Мануэл Баррозумен телефон әңгімесінде Нұрсұлтан Назарбаев осындай кездесуді Астанада да өткізуді ұсынған. Еуропалық тарап Қазақстанның бастамасын қолдады. Украина президентінің баспасөз қызметі "Кеден Одағы-Украина-Еуропалық одақ" форматында өтетін кездесуде Шығыс Украинадағы ахуал талқыланатынын хабарлады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ