Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау кезінде барлық сайлау учаскелерінде Еxit-poll сауалнамасы жүргізіледі

  • AstanaTV
  • 29 ақпан 2016
  • 1802

Сайлау кезінде еліміздің сайлау учаскелерінде Еxit-poll сауалнамасы жүргізіледі. Әлеуметтік шара отандастарымыздың сайлау алдындағы белсенділігі мен көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олардың науқанға қатысты ой-пікірлерін білуге бағытталмақ. Бұл туралы Бас редакторлар клубының президенті хабарлады.

Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, зерттеуді «Медиа Консул» әлеуметтік агенттігі жүргізеді. Сауалнама облыс орталықтары, шағын қалалар мен ауылдық округтердегі 225-ке жуық сайлау учаскесінде өтеді. Бұл жұмысты атқаруға 250-ден астам сұхбат алушы тартылады. Жиналған мәліметтер 21 наурызда сағат түнгі 12-ден кейін жарияланады.

Бибігүл Жексенбай, Бас редакторлар клубының президенті :

Халықтың сайлауға қаншалықты белсенді қатысып жатқандығы, ресми сайлау нәтижесіне балама, көбінесе Еxit-poll-дың сайлау нәтижелері мен ресми сайлау нәтижелерінің аралығын анықтап отыруға, БАҚ үшін, әртүрлі партиялар үшін, бақылаушылар үшін толыққанды ақпарат береді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА