Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2014
  • 1362

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды. Өңірді енді Амандық Баталов басқарады, ол облыс әкімінің бұрынғы орынбасары. Алматы облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездескен Президент жаңа басшыны таныстырды. Амандық Баталов бұрыңғы әкім Аңсар Мұсахановты алмастырды. Бұл тағайындауға Президенттің өңір тіршілігіне қатысты айтқан сыны сеп болуы мүмкін. Елбасы облыстың ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе жер тырмаған дихандардың жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев шаруаларды өнімді ұлғайтып, Ресейге экспорттауға үндеді. Өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісінде әлеуеті мол бола тұра, тек екі ауданның - Іле мен Қарасайдың ғана өнім шығарып отырғанын айтып, сынға алған болатын. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жасау қажет. Пайдаланбай жатқан жерлер бар. Облыста 1 млн га аударылатын жердің жартысы суармалы жер. Ол Қазақстандағы суармалы жерлердің 45 проценті болып саналады. Суармалы жерлерден 10-12 есе өнімді көп алу керек. Сіздерде 2,5 есе, жерді кім болса, сол алып алған. Фермерлер жұмыс істейін десе, жерді ешкім бермейді. Сондықтан бүгінде 126 мың га егістік жер пайдаланбай жатыр. Оның ішінде 49 мың га жер суармалы жерлер. Бұны тәртіп орнату керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ