Орал
қаласына жұмыс сапарымен келген Қорғаныс министрі Серік Ахметовке отандық ұшақ
таныстырылды. Американың "
Lancair Turbine" жеңіл ұшағы енді Оралда жасалып, кең қолданысқа
енгізілмек. Бұл ұшақ көбінесе жеке адамдары тасымалдау үшін пайдаланылмақ. Төрт
орындық ұшақ пластик материалдардан жасалған.
Зауыт мамандарының айтуынша,
турбоқалақты қозғалтқышы арқылы 3 мың метр биіктікте сағатына 400 шақырым
жылдамдықпен жерге қонбастан бес сағат бойы ұша алады.
Әуеге көтерілуі үшін бар
болғаны 300-400 метрдің өзі жеткілікті. Әзірге бұл - Оралда жасалған алғашқы
ұшақ. Құрастыру жұмыстары 2011 жылы басталып, былтыр қараша айында аяқталған. Бүгінде
ұшу сынақтары толығымен аяқталыпты. Дегенмен, болашақта осындай қанша ұшақ
жасалатыны әзірге айтылар емес.
Тимофей
Иванченко, ұшқыш:
Әзірге
бұл ұшақпен тек 10 сағат қана ұштық. Енді тұрақты ұшу үшін жалпы мақсаттағы
авиацияда қолдану рұқсатын алу керек. Қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы
жұмыстар аяқталғаннан кейін Оралда жасалған алғашқы отандық ұшақ көкте
қалықтайтын болады.
Еркін ҚАРИН