Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде "Қазатомпромнан" 1 миллиардтан астам теңге ұрлаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2014
  • 1315

Өскеменде "Қазатомаром" ұлттық компаниясынан 1 млрд 300 млн теңге жымқырған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Аталған кәсіпорынның бұрынғы басқарушы директоры Валерий Шевелев пен «Қазатомпром-Демеу» серіктестігі жетекшісінің экс-орынбасары Серік Әбдіразақовтың бас бостандықтары 2 жылға шектелді. Ал «Сырдария-жоба құрылыс» ЖШС директоры Розмат Әлібековке 2 жыл шартты сынақ мерзімі тағайындалды. Қаржы полициясының тергеу амалдары аяқталды. Сот процесі қалалық сотта жүргізілді. Бүгінде тараптардан үкімді қайта қарастыруға арыз түспеген.

Гүлнар Әділбаева, Өскемен қаласы №2 соттың төрайымы:

Бастапқыда аталған азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексі 176-бабының 4-бөліміне сәйкес өзге тұлғаның мүлкін ұрлап, жұмсау кінәсі тағылды. Сосын бұл іске жалған құжаттарды дайындау фактілері қосылды. Алайда кейін мемлекеттік айыптаушылар бүкіл айыптардан бас тартып, іс Қылмыстық кодекстің 177-бабы бойынша алаяқтық түрінде тергеле бастады. Олардың әрекеті қызметті асыра пайдалану бабына ауыстырылды.

Абзал ҚҰРМАНКИН