Русский Сайттың толық нұсқасы

Бауыржан Байбек Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2014
  • 1349

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Бауыржан Байбек әуелі құбырлар мен авицияға қосалқы бөлшектер шығаратын «Тыныс» зауытында болып, жұмысшы жастармен кездесті.

Айта кетейік, зауытта  800 адам еңбек етсе, олардың 170-і жас мамандар. Сондай-ақ, мұнда «Кедергісіз келешек» жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі 24 адам тұрақты  жұмыспен қамтамасыз етілген. Осы жолы «Сәтті қадам» жобасының шеңберінде жобаға қатысушылардың аталған зауытта тәжірибеден өтуіне байланысты меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында жастар партияның жобаларына белсене қатысуға ынталы екендерін білдірді.

Бұдан соң  Бауыржан Байбек партияның аймақтық кезектен тыс ХІХ конференциясына қатысты. Жиын барысында аймақ басшысы Сергей Кулагин партияның облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Бұдан соң партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыланды. Конференцияға қатысушылар тарапынан жобаға партия мүшелерінің этикалық үлгісінің ережесін әзірлеу, әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізу мәселелерін енгізу ұсынылды.

Ал Бауыржан Байбектің аймақ кәсіпкерлерімен шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне байланысты кездесуінде бизнес өкілдерімен тұрақты түрде жүздесу керек деген тоқтам жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде және партияның саяси Доктринасына сәйкес «Нұр Отан» отандық бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді үнемі назарда ұстауда. Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызу мақсатында партия «Мықты бизнес - Қуатты мемлекет» партиялық жобасын жүзеге асырып отыр.  

Нартай Ысқақов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты:

Ұлттық қордан кәспкерлерге 100 миллард теңге берілген. Өнімдерді өндіру саласына. Сол ақшаны қалай жаратып жатқаны сөз болды. Менің ойымша, бұндай жиылыстар жиі болып жатса, кәсіпкерлерге де, біздің елімізге де жақсы болар еді деп ойлаймын. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА