Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев пен А.Лукашенко КО-ЕО-Украина форматында өтетін кездесуді талқылады

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2014
  • 1324

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко телефон арқылы кезекті рет тілдесіп, Минскіде өтетін кездесуге дайындық барысын талқылады.  "Қос президент Кеден одағы елдері көшбасшылары мен Украина және Еуропалық одақ өкілдерінің ертең Белоруссия астанасында өтетін кездесуінің мәселелерін қозғады", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл кездесуден төткүл дүние оң нәтиже күтіп, үміт артып отыр десе де болады. Украина көшбасшысы Петр Порошенко әңгіменің өзегі бейбітшілік туралы болатынына сенім артқан еді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ