Конституция
күні қарсаңында Өскемен қаласында облыстық соттың жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты
рәсімге еліміздің Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми қатысты. Жаңа ғимаратта 200
бөлме, 14 сот залы, акт және конференция залдары бар. Сонымен қатар жаңа
ғимаратта мұрайжай мен психологиялық демалыс бөлмелері қарастырылған.
Тұсау
кесу рәсімінде Қайрат Мәми сот жүйесінде көп жылдар бойы қызмет еткен
судьяларға «Сот жүйесінің ардагері», үздік қызметкерлерге «Мінсіз қызметі үшін»
салалық төс белгілерін табыстады.
Серік
Байбатыров,
ҚР судьялар одағының төрағасы:
Бұл ғимаратқа тек қана жәй
судьялар ғана келмейді, бұл жерге халық келетін жер. Сондықтан бұл
халыққа жасалған іс деп есептеуге болады.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ