Русский Сайттың толық нұсқасы

"Вуэльта" марафонының бесінші кезеңі мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2014
  • 1051

"Вуэльта" марафонының 5-кезеңі мәресіне жетті. Кордоба және Ронда қалаларының арасында өткен бәсекеде Германия спортшысы Йон Дегенкольб жеңіске жетті. Бұл неміс шабандозының қатарынан екінші жеңісі. Мәре сызығына санаулы метрлер қалғанда Дегенкольб өзінің басты қарсыластары Насер Буани мен Морено Хофландтың алдын орап кетті.

"Астана" клубының капитаны Фабио Ару жеңімпазға 5 секунд ұтылып, межелі жерге 38 болып келді. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. 5 кезеңнен кейін австралиялық Майкл Мэтьюс көш басында қалды. Одан 13 секундқа қалып тұрған Найро Кинтана екінші орынға жайғасты. Алғашқы үштікті Испания спортшысы Алехандро Вальверде қортындылады. "Астана" командасының капитаны Фабио Ару көшбасшыға енді 50 секунд ұтылып келеді. Бүгін командалар таулы аймақта бақ сынап көреді.

Самат ҚАНАҒАТОВ