Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отанның" ШҚО-тық саяси кеңесі жемқорлыққа қарсы бағдарламаны талқылады

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2014
  • 768

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық саяси кеңесі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның жобасын талқылады. Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу - әр адамның азаматтық парызы. Бұл ретте «Нұр Отанның» партиялық бақылау бекеттеріне үлкен жауапкершілік жүктелген.

Жер-жерде құрылған бұл бекеттердің арқасында сапа мәселесіне баса көңіл бөлініп, жүздеген құрылыс жанданды. Сот шешімдері қайта қаралып, дауға айналған тартысты істер оң шешімін тапты. Ал бірнеше жыл бұрын еліміздің шығысында қолға алынған «Таза сессия» бастамасы бүгінде Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарында қолдау тапты. Ал партияның жаңа бағдарлама жобасында тек жемқорлықпен күресу емес, оны тудыратын құбылыстардың алдын алу бойынша тың бастамалар ұсынылып отыр.

Жиналғандар жемқорлыққа қатысты деректі дәл уақытында хабарлауға мүмкіндік беретін интернет-портал ашу, халыққа қызмет ететін кәсіпорын, мекемелер жұмысын «бір терезе» үлгісімен ұйымдастыру сияқты ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Осындай игі шаралар легі кешенді түрде іске асырылса, парақорлық қылмыстарға жол берілмесіне сенімді.

Нұрлан Темірбеков, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры:

Бұл бағдарламадан үміт үлкен. 4 принципі, оның ішінде ашықтық мәселесі. Мысалы, сатып алу туралы Заңның орындалуындағы ашықтық мәселесі. Біздің осы Заң бойынша сатып алу мәселелерінің барлығын дұрыс шешуге мүмкіндік беріп жатыр. Электронды түрде жүргізіледі. Оған ешкімнің де килігуі мүмкін емес. Осы бағытта соңғы кезде біздің осы Заңның орындалуы дұрыс жолға қойылып келеді.

Еркін ҚАРИН