Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Қарағанды аймағының басшылығын ауыстырудың себебін айтты

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2014
  • 1230

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті не үшін қызметінен босатқанын түсіндірді. Мұны аймаққа жасаған сапарында Президент өңірдегі жер телімдеріне қатысты даулы істерге аймақ басшысының байланысы бар екендігімен түсіндірді.

Президентке арыз жазған бір топ кәсіпкер өздерінің бизнеспен айналысуына облыс басшылығының кедергі жасайтынын айтып, шағымданыпты. Бүгінде бұл іске қатысты тексеру қорытындысы қаржы полициясына жіберілген. Енді қаладағы көлемді жер телімдерінің қалайша бір ғана құрылыс компаниясына бұйырғанын, ал ол компанияның не себепті алып-сатарлықпен айналысқанын құзырлы орган анықтайды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
, Қазақстан Республикасының Президенті:

«
KZ Групп» фирмасына әкімдік жеке тұрғын үй құрылысы үшін 11 участок беріпті. Ал жер телімін алған мекеме бұл жерде ештеңе тұрғызбастан, жеке азаматтарға әрбір 100 сотықты 25 мың доллардан саудалаған. Жобаны қабылдаған әкімдік шағын және орта бизнес өкілдерінің жерін тартып алу үшін небір құйтырқы әрекеттерді ойлап тапқан. Осыған жол бергені үшін облыс басшысын қызметінен босаттым. Бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс!

Бүгінде өңірдегі шағын және орта бизнестің үлесі бар-жоғы 20 пайыз ғана. Негізінде бұл көрсеткіш 50-ден кем болмауы керек. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақ та дамымай отыр. Айтылған 53 жобаның тек екеуі ғана жұмыс істейді. Ал бұл мақсатқа мемлекеттен бөлінген 25 миллиард теңгенің қайда кеткені белгісіз. Қарағандыдағы «Сұңқар» авиазауыты өңірдегі олқылыққа бірден-бір мысал.

Еркін ҚАРИН