Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл қаласының қақ ортасында тұрған ең ірі мейрамханалардың бірі өртенді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2014
  • 1360

Қызылжарда кеше кешкісін қаланың қақ ортасында тұрған ең ірі мейрамханалардың бірі өртенді. Шатырдың отқа оранғанын байқаған мейрамхана қызметкерлері бірден құтқарушыларды шақыртып, іштегілерді далаға шығарды. Абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Өрт сөндірушілер төтенше жағдай болған жерге лезде жетсе де, отты бірден ауыздықтай алмады. Жалын 400 шаршы метрді шарпып, нысанның шатыры түгелдей күлге айналды. Лапылдаған отты сөндіруге 16 бірлік техника мен 80-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әзірге тілсіз жаудың шығу себебі белгісіз. Қазір жалпы шығын көлемі есептеліп жатыр.

Серік Дүйсенбеков
, «Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметі» ММ басшысының орынбасары:

Өрт шығу фактісі туралы ақпарат бізге сағат 20:07-де келіп түсті. От 21:47-де толық сөндірілді. Нысанның шатыры ғана зақымданған. Қазір күл бықсып жатпас үшін, арнайы шараларды тындырып жатырмыз. Мейрамхананың ішін тінтіп шықтық, газ баллондар, не басқа жарылатын заттар байқалған жоқ. Төтенше жағдай орнында өрт сөндірушілерден басқа, «Қызылжар су» кәсіпорнының және Оңтүстік Орал темір жол станциясының техникалары жұмыс жасады.

Абзал ҚҰРМАНКИН