Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2014
  • 798

Қазір сағат 11-де Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Баспасөз қызметі жариялаған құжатта бірлескен отырыстың күн тәртібі көрсетілмепті.

Айта кетейік, Заң шығарушы органның депуттаттары жазғы демалыстан оралды. Олар өздерін сайлаған аймақтардың хал-ахуалымен танысып қайтты.

Еске сала кетейік, Қазақстан Парламенті - республиканың заң шығарушы жоғарғы өкілетті органы. Ол қос палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Төменгі палатаның бесінші шақырылымының құрамы 2012 жылдың қаңтарында бекітілді.