Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕАЭО құрудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2014
  • 1327

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық ұйым құрудағы рөлі ерекше екенін мәлімдеді. Қазақстан Президенті жуырда «Біздің тәуеліздігіміз - ең қымбат байлығымыз. Егер де, Еуразиялық одақ азаттығымызға қауіп төндіретін болса, Астана бұл одақтан бас тартады» деген-ді. Кеше Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Еуразиялық одақ - егемен, әрі экономикалық мүдделері бір елдердің бірлестігі екенін мәлімдеді.

Сергей Лавров
, РФ Ресей сыртқы істер министрі:

Кедендік одаққа мүшелік үш елге де - Ресейге, Қазақстанға және Белорусияға тиімді. Бұл - өздерінің экономикалық, сауда және инвестициялық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, одан зор нәтиже күтетін тәуелсіз елдердің одағы. Ал, Еуразиялық одақ - өте сәтті жоба. Оның құрылуына Қазақстан Президентінің көп еңбегі сіңді. Жуырда Селигерде айтқан сөзінде президент Владимир Путин
«Еуразиялық одақ құру мен Қазақстан Республикасын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше», - деп, бірнеше мәрте айтты.

Т.АМАНАЛИЕВА