Жахандық
гео-саяси ахуалға байланысты туындайтын экономикалық қиындықтар Қазақстанды
айналып өтпейді. Биылғы саяси маусымның тұсауын кескен Президент осындай
болжамдармен бөлісіп, саяси элитаға құлаққағыс қылды. Екі айдай демалыста
болған депутаттар және жаңадан жасақталған Үкімет мүшелері бүгін түгелдей
Парламентте жиналды. Алғашқы жұмыс күні-ақ Президент тапсырмалар жүктеді.
Осыған қарағанда, биылғы маусымның жүгі жеңіл болмайтын секілді.
Мөлдір
Бақыт-қызы:
Саяси
маусымның шымылдығын түрген Президент жарты сағат сөйлеген сөзінде әлемдік
гео-саяси ахуалдан төнетін қауіп-қатерге үш қайтара тоқталды. "Кемедегінің
жаны бір". Ресейдің тұйыққа тірелуі, қазақ экономикасының қарқынын
тежейтінін қайталап айтты. Қалай болғанда да, мемлекет мойнына алған әлеуметтік
міндеттерді қаржыландыруды сақтап қалатынын мәлімдеді. Қазір Үкімет оптимистік
және пессимистік болжамдарды таразылап, тығырықтан шығудың бірнеше нұсқасын
әзірлеп жатқанын жеткізді.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әлемдік
экономикадағы болжамсыздық сақталуда,
геосаяси, оның ішінде Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қарым-қатынастар
әлсіреуімен байланысты тәуекелдер
тереңдеп келеді. Әлемдік ЖІӨ-нің жалпы 60 пайызын құрайтын мемлекеттер
бір біріне санкциялар қолдануда. Мұның барлығы да орын алып отырған
экономикалық қарым-қатынастар мен әлемдік тәртіпке айтарлықтай түзетулер
енгізуге түрткі болады. Сонымен қатар ол Қазақстанның және оның серіктестерінің экономикалық өсімінің
төмендеуіне әкеледі.
Оның
үстіне экспортталатын негізгі шикізат көздеріне баға құбылып тұр. Бұл ел
қазынасына түсетін табыс азаяды деген сөз. "Жаз бойы аймақтарды аралаған
депутаттар жағдайға қанық",- деді Президент.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
И
санкции, которые применяются к России, и Россией - на Запад, и все остальное
влияет, потому что в таможенном пространстве, в Едином экономическом союзе,
который будет у нас, мы будем это давление ощущать, потому что это наши
основные торговые партнеры. Но мы, Правительство сейчас этим очень плотно
занимаемся.
Мемлекет
басшысы тығырықтан алып шығуы тиіс Үкіметтің жұмысын ширату үшін, сан
сатылы қағазбастылықтан құтылып, бірдей
жұмыс атқаратын бірнеше мемлекеттік органды қысқартып, ықшамдау қажеттігін,
кейбір құзіретті органдардың функциясын орталықтан жергілікті әкімдіктерге
тапсыруды ұсынды. Мұны осы қыркүйекте шұғыл қарап, шешім қабылдау жүктелді. Ал Қазақстанның сот жүйесіне сенбей, қит етсе шет елден әділдік іздейтін
инвесторлардың ісін қарайтын арбитраж туралы заңды бір жыл ішінде енгізуде
тапсырды. Сондай-ақ, биліктегілер жыл соңына қарай 2025 жылға дейінгі
жемқорлыққа қарсы стратегия түзуі тиіс. Бұл қоғамға бетбұрыс әкелетін құжат
болады деп күтіледі. Әзірге бармақ-басты көз қыстыға бастайтын көлікті
техникалық бақылаудан өткізу талаптары жеңілдетілді.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
2015
жылдан бастап коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайтын 7 жылға дейінгі жеке
автокөліктерге техникалық байқаудан, сондай-ақ көлік құралын басқаруға
сенімхаттан бас тарту керек.
Ішкі,
сыртқы факторлардың әсрінен жұмыстың қауырт қызуы депуттардың жұмыс кестесіне
әсер етпей қоймады. Парламент өкілдерінің ду қол қошеметіне қарағанда мұны
құптағандар баршылық.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Я
хотел бы высказать небольшую просьбу к вам - рассмотреть возможность сокращения
времени депутатских каникул, как летних, может быть и в течение года, как это
принято в других парламентах мира.
Шынымен
депутаттр екі ай демалыста болған тұста әлемде, тіпті елімізде, түрлі, түбегейлі
өзгерістер орын алып үлгерді. Үкіметтің өзі үлкен өзгерісті бастан кешті. Өткен
жылы "Үкімет қайда қарап отыр" деп билік басындағыларды талмай сынап-мінген бесінші
шақырылым депутаттары енді жаңа құраммен
бірігіп біраз жұмыс атқаруы тиіс.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ