Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Корея КХДР-мен шекарада пропагандалық үгіт-насихатты жандандырды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2016
  • 1517

Оңтүстік Корея солтүстіктегі көршісіне қарсы пропагандалық хабар таратуын қайта жандандырды. «Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің қорғаныс ведомствосы шекара сызығының дәл алдында дауыс зорайтқыштары мен  әскери қару-жарақтарды тізіп қойған. Зымырандар мен зеңбіректер де орнатылды.

Айта өтейік, өткен жылдың тамыз айында ресми Пхеньян пропагандалық үгіт-насихат жұмыстары қайта жүргізілсе, мұны соғыс ашуға үндеу деп бағалайтынын мәлімдеген. Еске салайық, 5 ай бұрын екі ел бір-біріне қарсы артиллериялық соққы жасаған. Қақтығыс тек 2 күндік келіссөздерден кейін басылған-ды.