Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ақжолдықтар" Өскеменде ілмекті арматура шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесті

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2016
  • 2039

«Ақжолдықтар» Өскеменде ілмекті арматура шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасында бизнесті қорғауға басымдық берген партия мүшелері, жаңа өндірістің өнімімен танысып, зауыт қызметкерлерінің кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарына жауап берді. Аталмыш кәсіпорын жылына 6 мың дана дайын өнім шығарып, келесі жылы көрсеткішті он мыңға жеткізу жоспарын қойып отыр. Зауытта 50 адам еңбектенеді. Кәсіпорын дағдарысқа қарамастан, шығындарын оңтайландыру арқылы жұмысшылардың ақысын арттырыпты. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» ҚДП төрағасы:

Кейбір  салада  аса икемді дамыған заманауи кәсіпкерлер дағдарысқа қарамастан өз өндірісін кеңейтіп отыр,  «ҚазПромарматура» компаниясына келсек мында да олар айтып отыр. Біз дағдарыс кезінде өз жұмысымызды белсенді түрде бастадық. Бұрынғы шығындарды  қысқартып, қазір жұмысшылардың жалқасын 15 пайызға көтерген. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ