Бүркүндік үзілістен кейін
"Вуэльта" марафоны жанданды.
Тынығып алған спортшылар 10-шы кезеңде 37 шақырымнан тұратын қысқа қашықтықта
мықтыны анықтады. Бұл бағдарламаның хас шебері Германия спортшысы Тони Мартин
маңына жан жуытпай, жеңіске жетті. Оның көрсеткен уақыты 47 минут 2 секунд. Ал
жалпы есептің көшбасшысы Найро Кинтана бұл кезеңде оңбай құлады.
Бұл сәтсіздігінен кейін
"Мовистар" клубының капитаны жарыс лидерінің қызыл жейдесінен айрылып
қалды.
Ал оның ізін өкшелеп келе жатқан қалған спортшылар жоғары нәтиже
көрсетті. Колумбиялық Ригоберто Уран Тони Мартинге 15 секунд ұтылып, екінші
орынға жайғасса, үшінші сатыны Швейцария спортшысы Фабиан Канчелара еншіледі.
Ал осы кезеңнің басты фавориті саналған "Скай" командасының капитаны
Кристофер Фрум жарыс барысында 1 минут 32 секунд ұтылып, 10-сатыға ығысты.
"Астана" клубының капитаны Фабио Ару да сәтсіз өнер көрсетті. Бұл
аралықта қазақстандық клубтың өкілі жеңімпазға 20 минуттан артық уақыт есе
жіберді. Альберто Контадор болса, әдеттегідей жоғары деңгейде өнер көрсетіп,
жалпы есепте көш басына шықты. Одан 27 секундқа қалып тұрған испаниялық
Алехандро Вальверде екінші орынға жайғасса, алғашқы үштікті "Омега
Фарма" командасының капитаны Ригоберто Уран қортындылады. Ал қазақстандық
жанкүйерлер үміт артқан Фабио Ару 10-кезеңнен кейін көшбасшыға 2 минут 27
секунд ұтылып, әзірге 8-орынға тұрақтады. 11-кезеңде командалар 1-ші
дәрежелі шыңды бағындырады.
Самат ҚАНАҒАТОВ