Русский Сайттың толық нұсқасы

Арменияның ЕАЭО-қа қосылуы туралы шарт әзірленіп, төрт елге жіберілді

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2014
  • 1193

Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы шарттың соңғы нұсқасы 4 елдің үкіметтерінің қарауына жіберілді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап, «РИА Новости» хабарлады.

Қазір Белоруссияда, Қазақстанда және Ресейде Арменияның одаққа бірігуі бойынша ішкі процедуралар жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада. Еуразиялық экономикалық комиссия Армения қабылдау туралы құжатқа қол қойылатын күн - төрт ел басшыларымен келісілетінін хабарлады.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2014 жылдың 1-қыркүйегінде үкіметтің Арменияны Еуразиялық экономикалық одаққа қосу туралы ұсынысын құптады. Ал 27-тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 10-қазанда Минскіде өтетін кездесуде одаққа Армения мен Қырғыз Республикасын қосу жөнінде келіссөздер өтетінін айтқан.

Еске салайық, Қазақстан, Белоруссия және Ресей басшылары 29-мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ