Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинадағы атыстың тоқтатылуынан үмітті Донецк тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2014
  • 1190

Украина президенті Петр Поршенко елдің шығысында қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісім бүгін Минскіде өтетін кездесуде күшіне енеді деп мәлімдеді. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Бұл туралы Украина президенті Уэльсте өткен НАТО саммитінде айтқан. Ол «Бесінші қыркүйек, яғни бүгін шиеленісті бейбіт жолмен реттеу жоспары басталады. Бас штаб жетекшілеріне оқ атуды тоқтату туралы бұйрық беремін», - деді. Украина билігі Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескен соң осында шешімге келген. Әңгіме барысында Владимир Путин қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы 7 пункттен тұратын өз жоспарын ұсынған.

Ал Донецк пен Лугансктегі сепаратистердің серкелері «Интерфакс» агенттігіне «егер Украина тарапы шиеленісті реттеу жоспарына қол қойса, бүгін күндіз сағат үште оқ атуды доғаратындарын» айтқан. Осыған үміттенген тұрғындар Донецкіге қайта оралмақ ойда. Қаламен шекарада жағымды жаңалық күтіп жүздеген көлік кезекте тұр.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА