Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанға ұшқан жолаушы бортта қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2014
  • 1519

Белгісіз себептермен ұшақта қайтыс болған Қазақстан азаматының мәйітін "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматыға тегін алып келмек. Марқұмның қасында болғанекі туғаны да тегін жеткізілмек. Арнамызға бұл ақпаратты «Эйр-Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 


Өткен түні Франкфурт - Астана бағытындағы "Боинг" ұшақ оқыс оқиға салдарынан Самараға қонуға мәжбүр болған. Кейін белгілі болғандай, ұшақ борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы аяқасты нашарлап, ұшақ кенеттен қонған. Науқасқа алғашқы көмек қолын созбақ болған дәрігерлер жолаушыны өлім аузынан арашалап қала алмады. Әзірге марқұмның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Марқұмның әйелі мен қызы дәл қазір Самарада. Алайда олар Астанаға ұшудан бас тартқан. Олар сүйекті Алматыға жеткізулерін өтініп отыр
.

Тілек Әбдірахимов, "Air Astana" АҚ қоғаммен байланыс бойынша менеджері:

Біздің әуекомпания марқұмның жақындарын Самарада жатын орнымен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, Алматыға ұшатын ең таяу рейске билет алып береді, сондай-ақ мәйітті тегін жеткізеді. Алматыға ұшатын ең таяу рейс 7 қыркүйекте. Самараға қонуға мәжбүр болған ұшақ, сол күні Астанаға аман-есен қонды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ