Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы АҚШ конгрессмендерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2014
  • 1067

Америка құрама штаттары Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайта түсуге мүдделі. "Бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ конгрессмендері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті", - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Алайда кездесу Ақордада емес, Бурабайда өтті. Оны Президент аймақтарға ресми сапарлағанымен түсіндірді.

Кездесу барысында тараптар әріптестікті нығайту, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту жайын сөз етті. Одан өзге күн тәртібіндегі халықаралық өзекті тақырыптар да назардан тыс қалмады делінген ресми хабарламада. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз аграрлы, индустриялды елміз.  Қазір басты аграрлық кампания басталмақ.  Астық оруға кірісеміз. Әдетте осы уақытта барлық аймақтарды аралап шығамын. Сондықтан сіздерді Астанада қарсы ала алмадым. Дегенмен сіздерді көруге қуаныштымын. Қазақстанға қош келдіңіздер! Сіздерді, міне, менімен бірге  билік басындағы жоғары лауазымды шенділер қарсы алып отыр.