Елордалық
«Барыс» командасы жаңа маусымды жеңіспен бастады. Құрлықтық хоккей лигасының
алғашқы ойнында Уфа қаласының «Салават Юлаев» клубын қабылдаған Андрей
Назаровтың шәкірттері 5-4 есебімен жеңіске жетті. Самат Қанағатов толығырақ.
Кездесу
басынан қонақтар қақпасына тап берген айдын иелері жылдам шайба соқты. Голдың
авторы Найджел Доус. Бұл шайбадан кейін шабыттанған Андрей Назаровтың
шәкірттері араға 1 минут салып есепті еселеді. Бұл сәтте Дастин Бойд мүлт
кетпеді. Бір шайбамен шектеліп қалмаған Доус алғашқы үзіліске дейін дубльдің
авторы атанды.
Үзілістен
кейін намысқа тырысқан «Салават Юлаев» командасы есепті теңестіріп қанай
қоймай, 4-3 есебімен алға шықты. Бұл сәттерде жасындай жарқыраған Анти
Пильстрем хэт-триктің авторы атанса, тағы бір шайбаны Егор Дубровский соқты.
Үш
шайба айырмашылығынан айрылып қалғанына қарамастан, табандылығымен танылған «Барыс» хоккейшілері
Кевин Далмэннің көмегімен есепті теңестірді.
Ал
бұл ойындағы жеңіс шайбасын шабуылшы Найджэл Доус кездесудің аяқталуына 1
секунд қалғанда соғып, «Қазақстан» спорт сарайына келген жанкүйерлерді дүр
сілкіндірді.
Андрей
Назаров, «Барыс» клубының бас бапкері:
Жанкүйерлер
бізге үлкен қолдау көрсетті, оларға алғысым шексіз. Әрине, кездесу біз үшін
сәтті басталғанымен, екінші кезеңде болмашы қателіктер жіберіп, есепте ұтылып
жаттық. Аброй болғанда, тез жиналып, үш ұпайды олжаладық. Шынын айту керек, бізге бұл ойында сәттілік
жолдас болды.
Келесі
кездеуін «Барыс» командасы енді Хабаровск қаласының «Амур» клубына қарсы
өткізеді.
Самат ҚАНАҒАТОВ