Шығыс
Қазақстанда төтенше жағдай. Өскемен қаласы маңында орман өрті өршіп тұр. Қызыл
жалынмен күрес жолында жергілікті өрт сөндірушілер бар күштерін салуда. Өрт бірнеше шақырым аумаққа жайылған. Бүгінде табиғи апатты ауыздықтауға Ахмир
гарнизонының әскерилері де кірісіп кетті.
"Өрттің шығу себебі дала
жұмыстарын теріс жүргізу салдарынан, яғни орылған егістікті өртеу кезінде орын
алуы мүмкін. Немесе демалушылардың далада отты сөндірмей кетуінен болуы да
ықтимал", - дейді өрт сөндірушілер. Алайда тілсіз жаудың себеп-салдары
нақты айтылмауда. Қазіргі таңда өрт болған аймақта бақылау жүргізіліп жатыр.
Евгений Шатурный,
ШҚО ТЖД ақпараттық-сараптама бөлімінің бастығы:
Қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда, қараусыз
қалған өрт ошағы айтарлықтай аумақты шарпуы мүмкін. Ауа
температурасы жоғары, жел болса, қызыл жалын тіптен тез жайылып кетеді.
Салдарынан жеке мүлік, тіптен адамдар зардап шегуі ықтимал.
Жұрағат БАМАН