Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясында «Жастар кадрлық резерві - 2014» жобасының үшінші кезеңі өтті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2014
  • 1340

«Нұр Отан» партиясында «Жастар кадрлық резерві - 2014» жобасының үшінші кезеңі өтті. Еліміздің әр өңірлерінен іріктелген жас мамандар комиссия мүшелеріне өздерінің бизнес-жобаларын таныстырды. Биыл жобаға қатысуға 3 мыңнан астам азамат қызығушылық танытып, екі кезең нәтижесі бойынша 80 жас іріктелген. Бүгінгі «сұхбаттасудан» кейін үміткерлер тағы іріктеліп, 32 адам таңдап алынады. Олар 2 апталық оқытудан өткен соң өздері таңдаған сала бойынша ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қызметке тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Ұйымдастырушылар аталмыш жоба 5 жыл ішінде басшы дайындаудың жақсы механизмі ретінде танылды деп отыр. Осы аралықта 340 жас маман қалаған қызметіне орналасыпты. «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасына қатысуға тілек білдіргендер мемлекеттік кадрлық қор сайтында онлайн өтініш беріп, өз мамандығы бойынша жоспар жасауы тиіс. Мамандықтар бойынша шектеу жоқ. Сандуғаш Кәртаеваның мамандығы - журналист. Бүгін ол комиссия алдында «Жастар телевизиясы» бойынша жобасын қорғауға келді.

Сандуғаш Кәртаева, «Жастар кадрлық резерві-2014» жобасына қатысушы:

Мұндағы барлық қатысушылар өте қатаң іріктеуден өтті. Енді кешегі болып өткен машықтану сабақтары әрбір жасқа тек қызметтік позициядан ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке басының қабілеттерін дамытуға өте үлкен септігін тигізіп отыр десек болады. Қандай мақсат қою, оған қалай жету жолдарын бүге-шүгесімен түсіндіріп өтті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ