Астанаға ресми сапармен Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани келді. Жоғары мәртебелі мейманды Астана
әуежайынан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Инвестиция және даму
министрі Әсет Исекешев күтіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Жоспар бойынша бүгін Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Руханидің ресми кездесуі өтеді.
Айта өтейік, Иранның қазіргі басшысы
Қазақстанға және тұтастай алғанда Орталық Азияға алғашқы рет сапарлап отыр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА