Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін АҚШ-қа іссапармен барды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2016
  • 1441

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен Америка Құрама Штаттарына барды. Президент Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысады. Сапар аясында сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Саммиттің басты тақырыбының бірі терроризм қаупі және онымен күрес мәселеріне арналмақ. Жиынға 52 елдің өкілі қатысады. ТАСС-тың хабарлауынша, Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммиттің бағдарламасында ДАИШ секілді лаңкестік топтардан төнетін қауіпке назар салу, ядролық қаруды мұндай террорлық ұйымдардан сақтау мәселесі көтерілмек. Саммит екі күнге созылады.  

Базаргүл ОТЫНШИЕВА