Коммунистер "Париж коммунасына" барды. Кезінде пролетариат құрған үкіметпен аттас Ақтөбедегі мал шаруашылығы серіктестігіне бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер комунистер бас сұқты. Еңбек ұжымы алдында сөз сөйлеген Вадислав Косарев әуелі сайлауалды тұғырнаманың негізгі тұстарына тоқталды. Отандық экономика мен елдің дамуына еңбек адамдарының қосып отырған үлесі өлшеусіз екенін жеткізді. "Париж коммунасы" ұжымы соның нақты дәлелі деді. Партия белсенділері еңбек ұжымына жаңа жетістіктер тіледі.
Владислав Косарев, ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттықтан үміткер:
Еңбек әр адамның өмірінде маңызды орын алуы керек. Әсіресе, ауыл еңбеккерлері осыны түсінсе дейміз. Жұмыс адамның дамуын қалыптастырады және бүкіл қоғамның дамуы үшін негізгі стимулы болып табылады. Сондықтан да ҚКХП сайлауалды бағдарламасында бұл жағын толық қарастырған дер едім.
Жанат Молдашев, ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы:
«Париж коммунасы» қожалығында қанша адам қажырлы еңбек етіп отыр. Сондай қарапайым еңбек адамдары бізді ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді. Осындай ұжымдарды үлгі етуіміз керек.
М. Дюсекина