Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жылу құбыры жарылып, орталық көшелер суға толды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2014
  • 1153

Бүгін Атырауда жылу құбыры жарылды. Салдарынан орталық көшелер суға толған. Тосыннан келген апат көліктердің қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді. Қаладағы Сәтбаев және Владимирская көшелерін су шайып кетті. Кейбір жүргізушілер тасқынға тап болған көліктеріне жете алмай, түскі астан қағылды.

Жылу беру мекемесінің мамандарын да бұл жағдай әбден әбігерге салды. Оқиға орнына бірнеше су соратын көліктер жұмылдырылғанымен, көшеге жайылған суды жедел сорып алу мүмкін болмады. Тиісті мекеме өкілдері мұны апат емес деп отыр. Айтуларынша, қысқы жылыту маусымына дайындық үшін күрделі жөндеу жасалған құбырларға гидрологиялық сынақ  жүргізілген. Нәтижесінде құбырдың  сапасыз бөліктері жарылып кетті.

Базаргүл ІЗІМОВА