Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлт жоспары»

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2016
  • 1626

Мұсылман әлемінің алауыздығына, мәселен, Иран мен Сауд Арабиясы текетіресіне қарасаң, бейнелеп айтқанда «бақыттың кілті» кімнің қолында қалатынын ұғасың. Мұсылмандардың сүннит, шейт болып бөлінетіні, бөлінгенде де бірін-бірі дұшпан көретіні, Ислам атынан садаға кетсін, неше түрлі қандықол топтардың ылаңдары бізді күрсіндіреді. Бірақ жүрегіміздегі иманды өшірмес. Бізге діндестерді күстаналаудың да, жыл аралатып соғыс өрті тұтанса да, әрине, Америкадағы, жалпы Батыс әлеміндегі лоббиі мықты екені белгілі/, бишара күйге түспейтін еврейлерді  қызғанудың да қажеті жоқ. Бақытты, бақуатты мемлекет орнату арманымызды жүзеге асыруда уақыт өте тапшы, өйткені. Кеңес империясының құрамында болған 70 жылда біз барлық жағынан мешеу қалдық. Дамығандар ешкімді күтіп тұрмайды. Қайдағы күткен, қала берсе- дейді... Соңғы 25 жылға бағаны беретін біз емес. Мұнайға тәуелділіктен құтылу қадамдарын осы жолы шын жасасақ ғана мемлекеттілік мәңгілік...  Президент бағытымыз туралы мақала жазды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.  

Былтыр жыл бойы сөз болған «Ұлт жоспарын» іске асыратын кез жетті. «100 нақты қадам» үтір, нүктесіне дейін талданып, талқыланған құжат. Оны кедергісіз жүзеге асыру үшін, рекордты мерзімде 59 заң қабылданды. Мінсіз мемлекеттік қызмет жүйесі, әділ сот жүйесі,  сан салалы экономика, халыққа есеп беретін үкімет, мақсат-мұраты бір, жұдырықтай жұмылған ел. Осыншама міндеттерді арқалаған  «Ұлт жоспары» Президенттің мақаласында тәптіштеп түсіндірілген. Шенеуніктерге жүктелген жұмыс жетеді. Ал көзбояушылыққа жол берілмейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады. Жалпы алғанда, нәтижеге басшылар жеке жауап береді.

2016 жылы ауыр әрі шешуші жыл болғалы тұр деді, Нұрсұлтан Назарбаев. Экономикаға дем беру үшін, кемінде  10 трансұлттық корпорация тарту қажет. Олардың күш-қуатын пайдаланып, дайын өнім шығартын кәсіпорындар құрып, ұялмай эксорттайтын брендттер шығару белгіленген. Яғни «Мэйд ин Казахстан» дейтін.  Оған қоса, отандық бизнесті өрге сүйрейтін «Ұлттық чемпиондар» іріктелді. Ол импортты алмастыратын аса перспективалы компаниялар. Барлығы 32. Олар 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн. доллар көлемінде өсіруді, 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек өнімділігін 30-50 %-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн. долларға дейін жеткізуді жоспарлайды.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Молшлық заманда реформаны жасаймын ба жасамаймын деп басты қасуға болады. Қазір реформа жасамаса тұрмыс деңгейі төмендеп кетеді. Бізде қазір басқа альтернатива жоқ. Реформалардың бағыты белгіленген. Енді оны адекватты жүзеге асыру. Оны жүзеге асырушы чиновник. Сол істі атқаратын қадағалайтын азамат болу керек. Азаматсыз азаматтық қоғам болмайды.

Қоғамға есеп беретін үкімет құру «Ұлт жоспарының» бір тармағы. Жер жерде «Қоғамдық кеңестер» құрыла бастайды. Оның үштен екісін халық өкілдері құрауы тиіс. Ал басшысы мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлері болады. Қоғамдық кеңестер бюджеттің орындалуын, стратегиялық жоспарларды, аймақтарды дамыту бағдарламаларын талқылайды. Оларға әкімнен бастап, министрлерге дейін есеп береді. Сондай ақ, «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы құрылады. Жаңа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы»  біріктіріледі. Адамдар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ провайдеріне ғана өтініш береді. Бұл қажетсіз әкімшілік кедергілерді және сұрау салынатын құжаттар тізімін қысқартады. 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан республикасының президенті:

Ауыл,аудан, қала, облыс әкімдіктерінен бастап барлығы бірдей халық алдында есеп береді. Тиісті министрліктер де халыққа есеп беріп тұрады. Барлық деңгейдегі ақарушы билік Үкімет бекіткен ереже бойынша есеп беруге міндеттеледі.

Жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беріледі. Мемлекеттік қызметтердің біразы солардың қолына өтеді. Қазір 4500 функция бар. Үкімет пен «Атамекен» бірігіп, бәсекелі ортаға қайсыларын өткізу туралы шешім қабылдайды.

Атамұрат Шәменов, экономист:

Мұны да ақылмен жасау керек. Егер біз мемлекеттік қызметтердің нағыз керек деген функциялардың барлығын да осы ортаға беріп қойып, ертең оның бақылауын жоғалтып алсақ оның да қиындығы болады. Көптеген қөызметтер бар әлеуметтік салаларда мұқтаж адамдарға көмектесетін. Міне осы халықтың көріп отыратын нәрселерді мемлекет өз уысында ұстаған дұрыс сияқты.

Дағдарыс кезінде  аграрияға барынша жеңілдіктер жасалмақ. Жер кодексіне  өзгерістер енгізілді. Жаңа нормалар жұмыс істеп тұрған 224 мыңнан астам агро­өнеркәсіптік кешен субъек­тілеріне олар жалға алған 97,4 млн. га жерді жекеменшікке алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, кадастрлық құнының 50%-ы көлемінде 10 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеу қарастырылған. 

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Қазақты, қазақстандықты асыраған мұнай емес, реформалар. Сол рефомалар асырады. Мұнай көмектесті. Бірақ мұнай біздің есімізді шығарып жіберді. Ақша көп болған соң ей қойшы деген пиғыл болды. Мұнайдан келген ақшаның көп болғаны сонша ол ұрлықшыға да, парақорғав да бәріне де жетті. Халыққа да жетті. Халықтың да жағдаы жақсарып қалды. Бірақ біздің пиғылымыз бұзылды. Енді түзелу кезеңі бар. Айығу.¤¤

Табыстың тағы бір тетігі транзиттік мүмкіндіктер. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 7 мың шақырым жол жөнделеді. 2020 жылға қарай ақылы жолдан түскен табыс 41 млрд. теңгені құрайды. Бұл сома тас жолдарды жыл сайын жөндеу шығынан жабады деп есептелген. Бастысы «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» құру жобасы басталды. Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді және тасымал құны 2 есеге арзандайды. 2020 жылы Қазақстан арқылы көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымал қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін және 2030 жылы 50 млн. тоннаға жетеді.

 Мақаланы сарапшылар талқылау үстінде. Әсіресе экономистер «Ұлт жоспарындағы» жобаларға қанша қаражат жұмсалады, кейін қанша кіріс кіреді, деп бас қатырады. Нақты есеп-қисапты көргісі келеді. Бір жағынан «Мақаланың көтеретін жүгі есеп емес, ондай есептерді үкімет беруі керек»-дейді.  «Ұлт жоспары- қазақстандық арманға бастайтын жол» ма?

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Әр адамның арманы өз қалтасында. Бірақ ең маңызды істер ол экономикалық реформаларды бастау, халыққа кепілдік беру. Сен аман жүресің ештеңкеге ұрынбайсың, сенің бизнесіңді ешкім тартып ала алмайды садаға кетсін. Оған заң міне дегендей . Сондай кепілдіктер берейін деп отыр. Арман деген табысыма қарай мехнатыма қарай рахатын бер. Артық ештеңе сұрап тұрған жоқпыз.

Атамұрат Шәменов, экономист:

Бұл армандарды орындау үшін мемлекетіміз қызмет жасаушы бізге, бизнесте де бар бұл мәселе коррпуцияны басқаны жоя білсе. Содан  жақсы, жақсы көптеген 10 жылдық, 20 жылдық алға қойған мақсаттрады айта бермей  күнделікті өмірмен байланысырып, күнделікті мәселені шешіп отырсақ, Қазақстанда алынбайтын асу жоқ.

«Қазақстандық арманға» сенесіз бе, сенбейсіз бе- деп, полемикаға, тіпті лирикаға салатын уақыт жоқ. Кім осы жерді «Отаным» деп санайды, осы жерде ұрпағым өсіп-өнсін деп жоспарлайды, арманның орындалуы үшін жұмыс істейді... 

Мөлдір Бақытқызы, «Біздің уақыт».