Русский Сайттың толық нұсқасы

«Эйр Астана» жекешелендіріледі...

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2016
  • 1768

Осы аптада үкімет жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізімін жариялады-ау, әйтеуір. 2016-2020 жылдар аралығындағы жекешелендірудің кешенді жоспарында мемлекеттік және квазимемлекеттік 65 ірі кәсіпорын мен олардың еншілес компаниялары бар. 

Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған тізімде «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «Қазпошта», «Эйр Астананың» үлестері IPO арқылы сатылады делінген. Жеке қолға өтетін кәсіпорындардың қатарында Атырау мұнай өңдеу зауыты, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Қазақстан ғарыш сапары», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Қазгеология»,«Қазақавтодор» сынды ірі компаниялар мен бірнеше қаланың халықаралық әуежайлары бар. Сатылатын  мекемелер тізіміне «Самұрық Қазына» қорының құрамына кіретін компаниялармен қатар, «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің еншілес кәсіпорындары енген.

Енді мынадай нюанс: жаңа сіздер хақас естіген жоқсыздар, жекешелендіруге «Эйр Астана»- ұлттық әуе тасымалдаушы да кетеді. Ал 2015 жылдың 10-желтоқсанында Азаматтық авиация комитеті аталған компанияның мемлекет үлесіндегі 51 пайыз акциясы саудаға қойылмайды деген хабарлама таратқан. Себебі жекелешелендіруге шығынсыз жұмыс істейтін компанияның өзі қарсы шыққан, ал бір сенатор –Сергей Громов күмән келтірген.
Негізі «Эйр Астананың» сатылып кету қаупі «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңға өзгерістер енгізетін құжат қабылданғаннан кейін туды. Ол заң шетелдік инвесторларға отандық әуе компаниялары акцияларының бақылау пакетін сатып алуға мүмкіндік береді.

Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (19.11.2015): 

Қолданыстағы заңнан шетелдіктердің әуе компаниясындағы үлесі 49 пайыздан аспауы керек  деген бап алынып тасталды.  Яғни жаңа заң бойынша шектеу жоқ... Ал ондай шектеу қойылғаны – ұлттық тасымалдаушы компания стратегиялық маңызды нысан болып есептеледі. Жалпы, ұлттық тасымалдаушы компанияда шетелдік үлестің 49 пайыздан аспауы дегеннің астары - қажет болған кезде  мысалы, мемлекеттік қорғаныс үшін немесе төтенше жағдайларда жылдам пайдалану үшін қолжетімді болуы керек... Ал осы шектеуді алып тастау арқылы қиындықтарға тап болуымыз мүмкін. Мәселе мемлекеттің экономикасына, қауіпсіздігіне барып тіреледі. 

Ал онда неге жекешелендіруге қойылады-, деген сауалға байланысты  әдеттегідей, болжамдар қылаң берді. Ұлттық тасымалдаушы «біреудің көзіне түсіп қалды ма»,- дегеннен бастап. Ал компания басшысы Фостер білетінін ашық айтпаса да, білетіні «бет тыржитатын» екені анық етін...

Уәкілетті орган жыл соңында  «Эйр Астана»-ның сатылымға шығарылатын кәсіпорындардың арасында жоқ екенін жазып, хабар таратқанда сату туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіліп жатпағанына тоқталып, егер компанияның басым бөлігі мемлекет бақылауында болмаса, халықаралық рейстерден шектелетінін келтірген. -Еуропаға ұшуға құқы бар жалғыз компаниямыз- деп, мемлекеттен ақша сұрамайтын рентабельді кәсіпорын екенін тізген. Сол кезде біз «осындай «айналып түсулер» немесе халықаралық норманы өзгерте алмайтындары әйтеуір жеткен-ау...»дегенбіз. Енді тағы бір айналып түсу дейміз бе?..