Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілісте «Түркі Академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2014
  • 1304

Бүгін Парламент отырысына келген журналистер Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың спорттық қабілетін бағалады. Мәжіліске «Түркі Академиясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын таныстыруға келген министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуге ынта білдірмеді. Нәтижесінде, сұхбат алу соңы қуыспаққа ұласып кетті.

- Бүгінгі тақырып бойынша айтыңызшы, Түркі академиясы туралы. Оның президенті кім болады?

Міне, осылайша сұраққа жауап берудің орнына қашуды жөн көрген министр бүгін журналисттерді бірталай шаршатты. Бір есіктен бір есікке ұмтылған Асылан Сәрінжіпов үшінші қабаттан бастап алдына жан салмай, сыртқы есікке бірақ жетті. Ал енді бұл жарыстың себебіне үңілсек. Аслан Сәрінжіпов Мәжіліске Түркі Академиясын құру жөнінде келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын таныстыруға келді. Алайда депутаттар академия президенті мен орынбасарларына, ерекше иммунитет беріп, қызметкерлерін салықтан босату мәселесіне келгенде министрге қырғидай тиді.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Академия Президенті мен вице-президенттеріне иммунитет беріп қойғанда біз оларды салықтан ғана босатпаймыз. Бұл жерде әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесі де бар. 61-жылғы Вена коневенциясына сілтеме жасап біз оларды дипломатиялық қызметкерлермен теңестіріп қойдық, ал бұл халықаралық ұйым. Егер кез келген халықарылық ұйым жұмыскерлеріне ерекше мәртебе бере берсек, ертең шетелдіктер Қазақстанның заңдарын сыйлаудан қалады.

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Заң жобасының шикі екенін комитеттерде талқыланғалы бері айтып келеміз. Құжат дайын емес. Алайда сіздер пленарлық отырысқа алып келіп, құжатқа қол қойылды енді оны ратификациялаңыздар деп бізді тығырыққа тіреп отырсыздар. Сіздер жалақы жағын ойлап тұрсыздар. Біздің айтпағымыз, егер ұйым президенті шетел азаматы болса, оған ерекше құзырет беріледі, ал егер ол Қазақстан азаматы болса, оған ешқандай артықшылық берілмейді. Сонда қазақтың шетелдіктерден қай жері кем. Шетел азаматына берген артықшылықты ел азаматына да беріңіздер.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұл ұйымның да оның қызметкерлерінің де деңгейі жоғары болады. Олар лайықты азаматтар болады. Ол азаматтар елдегі құқық қорғау органдары болсын, басқа ұйымдар тарапынан болсын қысым көрмеуі үшін осындай шаралар қабылданып отыр. Егер олар заңды бұзса біз шара қолдана алмаймыз деген сөз емес, яғни академия қызметкерлеріне өз жұмысын алаңдамай жасауға мүмкіндік беруіміз керек.

Айта кетерлігі, ұйымға мүше Әзірбайжан, Қырғызстан мен Түркия академияда қызмет ететін қазақ азамттарына ерекше иммунитет беруге келіскен. Алайда біздің парламентте бұл мәселе дау тудырды. Министрдің жауабына қанағаттанбаған депутаттар бір сұрақты бірнеше рет қайтара қоюға мәжбүр болды.

Розақұл Халмұрадов, ҚР Параламенті Мәжілісінің депутаты:

Академияның штаттық қызметкерлері төлейтін жалақыдан ұсталатын салықтан босатылады делінген. Не себепті біз оларды салықтан босатамыз?

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Жұмыс істейтін қызметкерлер олар 4 мемлекеттен келіп сол халықарлық ұйым ретінде академия жұмыс істейтін болады. Ол қызметкерлер халықаралық тәжірибеген сай салықтан босаталады. Өйткені қаржы басқа мемлекеттен келетін болады.

Дауыс беру процесі де даусыз болмады.

Что у вас? Выступать? Нет, все ставлю на голосование.

Таласса да, тартысса да, депутаттар заң жобасын мақұлдады. Өйткені түбі бір түркі жұртының басын қосатын бұл академияның маңызы орасан. Халық қалаулылары да мұны түйсініп отырғаны анық. Бірақ шикіліктерін шеттетсін дейді.

Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бауырлас түркі елдеріне қатысты құжатты қабылдап отырмыз. Ғасырлар бойы қалай тоғысамыз деп аңсап келген бауырларымызды жақынадататын құжатты қабылдап отырмыз. Күмән тударатын болсақ, бауырлас елдер арасында кінәлі болып қаламыз. Осы сұраққа мән беру керек. 


Түркі академиясын құру шаруасы 2009 жылы түркітілдес елдердің 9шы саммитінде айтылған Елбасының бастамасымен әзірленді. Келісімнің мақсаты түркі еледерінің басын біріктіруді тереңдетіп, мәдениет диалогын дамыту. Академия Астанада құралады. Әзірге ғимарат мәселесі шешілмепті. Президенті де Қазақстан азаматы болады. Бірақ бұл қызметке кімнің лайық екені де әлі айтылмай отыр. Осы ұйымның арқасында қазіргі әліпби келмеске кетіп, латын әліпбиінің дәурені келуі мүмкін. Алайда бұл сұраққа да министр тиіп-қашып жауап берді.

На данный момент пока рано об этом говорить.

Айгүл ӘДЕПБАЙ