Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Есеп комитеті төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2014
  • 1319

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады. Қозыкөрпеш Жаңбыршин Есеп комитетінің биылғы жұмысының қорытындылары және қаржылық бақылау органының алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады, - деп, Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесу барысында комитет басшысы республикалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың жүйелі проблемалары туралы баяндады. Оның ішінде игерілмеген бюджет қаражатының көлемін анықтау әдістемесіндегі айырмашылықтар, сапасыз бюджеттік жоспарлауға тиісті жауапкершіліктің жоқтығы, мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының келісілмеуі атап өтілді. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор нысандарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану деректері де сөз болды.

Қозыкөрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп Комитетінің төрағасы:

Есеп комитеті 2014-жылдың 8-айында жасалған жұмысының қортындысы баяндалды. Және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүйесінің негізгі проблемалары мен даму перспективалары айтылды. Кездесу қортындысы бойынша, елбасы елдегі қаржы тәртіпті нығайту және мемлекеттік қаржылық органдары еңбегін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жұрағат БАМАН