Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Энерго» компаниясы қызметкерлері арасында өткен 2-ші спартакиада мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2014
  • 1376

Астанада «Самұрық-Энерго» компаниясы қызметкерлері арасында өткен 2-ші спартакиада мәресіне жетті. Жарысқа қатысқан командалар арасынан оқ бойы озып шыққан «Богатырь Көмір» компаниясының командасы екінші жыл қатарынан бас жүлдені ұтып алды. Екі күнге созылған тартысты бәсекелер жайлы Самат Қанағатов толығырақ.

Бір қатарға тізілген 14 құрама командалар сап түзеп, жарысты асыға күтті. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы додаға жана 3 команда қосылды. Олар спорттың бес түрінен яғни, футзал, волейбол, шахмат, қол күрестіру және үстел теннисінен бақ сынады. Жарыс ұйымдастырушыларының пайымдауынша, басты мақсат - компания қызметкерлерінің арасында корпоративтік рухты күшейтіп, салауатты өмір салтына баулы болып табылады.

Оразбек Бекбас, «Энергетиктердің кәсіподақтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кеңес төрағасы:

Қызметкерлер арасында денсаулыққа көп көңіл бөлу, спортқа көңіл бөлу. Адам тек қана жұмыспен ғана жүрмейді. Біздің кәсіподақтың алдында тұрған міндеттер көп. Соның бірегейі - қызметкерлердің денсаулығы.

Тұңғыш рет өткен жарыста командалық есепте екінші орын алған Алматы қаласының «Алатау Жарық компаниясы» командасы биыл бас жүлде үшін таласамыз деп отыр.

Мадияр Көбегенов, «Алатау жарық компаниясы» атқарушы директоры:

Біздің дайындығымыз жақсы. Былтыр алғаш өткен спартакиадада біздің «Алатау Жарыс Компаниясы» екінші орынды жеңіп алды. Биылда сондай дәрежеде боламыз деп ойлаймын. Жеңіске жетеміз деген ниетіміз бар.

Спартакиадаға келген әрбір ұжым жеңіс үшін барын салды. Дегенмен, қарсыластарына қарағанда, бір саты жоғары болған «Богатырь Көмір» компаниясының кызметкерлері спорттың барлық түрлерінде үздік шығып, екінші жыл қатар бас жүлдені ұтып алды. Ескеретін жәйт. Ерлермен бірігіп, жарыс жолына шыққан әйелдер ұжымы өз командаларының жеңісіне сүбелі үлес қосты.

Александр Аринов, «Богатырь Көмір» компаниясының спорт жөніндегі әдіскері:

Біз өте қуаныштымыз. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Спортшылардың барлығы аянып қалмады. Биылда біздің команда шеберлігімен көзге түсіп, жеңіске жетті. Біздің мақсатымыз - әрдайым тұғыр биігінен көріну.

Жеңімпаз командамен қатар жүлдегер атанған ұжымдар да димпломдармен бірге ақшалай сыйақыға ие болды. Енді дәл осы үздік шыққан командалардың спортшылары іріктеліп, алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» қоры өткізетін спартакиадада «Самұрық-Энерго» құрамасының намысын қорғайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ