Қазақтың бай тілін меңгеруге ең әуелі
қызығушылық пен ынта қажет. «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық
форумға қатысушылардың ортақ пікірі осыған саяды. Жиынды ұйымдастырғандардың
басты мақсаты - мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарына, оның ішінде
мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсету.
Алексей Бондаренко:
Қазіргі уақытта мен өзімнің білімімді қазақ тілдерді оқыту орталығында
жоғарылатып жатырмын. Қазақ тілін білу үшін тек
қана қызығушылық керек. Қызығушы болмаса, адам қазақ тілін жаттап алмайды. Ол қиын нәрсе емес.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейтуді мұрат тұтқан алқалы жиынның Шымқалада өтуі бекер емес. Оңтүстік Қазақстан облысында жүзден астам ұлт пен ұлыс
мекендеген. Өзге ұлт өкілдерінің 69 пайызы бүгінде мемлекеттік тілді еркін
біледі. Тіл-татулық пен достықтың тетігі. Біз мемлекеттік тілге құрметпен
қарауымыз керек десті жиынға қатысушылар. Қазақ тілінің бұдан әрі дамуының
өзекті мәселері талқыланды, бүгінгі басқосуда. Этнос жастары Қазақстанда тұрып
қазақ тілін білмеу біз үшін үлкен сын дегенді тілге тиек етті.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ